$ 494.87  520.65  4.91

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі кім? (ФОТО)

24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін желіде шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілімнің мұсылманша некесін қидырған суреті тарап кеткен еді. Актер үйленгенін растамаса да, оның жүрегін жаулаған арудың кім екені "Ревю" журналистері анықтап көрді.

Басылымның мәліметінше, талай қыздың арманына айналған Тәуекелдің жүрегін жаулаған арудың есімі - Махаббат Түктібаева.

24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Бұрымдының өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, ол бүгінде өзін сәнбикелік қырынан танытып жүр екен.

Сондай-ақ, Махаббат 2017 жылы "I Vice-miss Karaganda" титулын иеленген.

Еске сала кетейік күні кеше желіде актер Тәуекел Мүсілімнің мұсылман неке куәлігін ұстап тұрған сәтінен сурет тарады. Желідегілер актерді құпия түрде үйленіп алды деп болжаған.

Дереккөз: Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары