Мәдениет & Шоубиз 10.11.2019 сағат 17:10

Балтабек Нұрғалиев өзінің «Абайдың да алдына шығып кеткеніне» аса сенімді

«Ешкім басқа ақындарды үйінде тығылып, жастанып, әр әрпімді, әр буынымды санап, мені оқығандай оқымайды. Қазақ поэзиясында нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін».
Балтабек Нұрғалиев өзінің «Абайдың да алдына шығып кеткеніне» аса сенімді
фото: dalanews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақстан» арнасының «Мәселе» бағдарламасында кезекті тақырып қазақ поэзиясының бүгінгі жай-күйіне арналды. Сол сәтте телеарна тілшісіне сұхбат берген жас ақын Балтабек Нұрғалиев өзін Абайдан да биік санады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде елдегі шен-шекпенділерге жаппай ода арнауды шындап қолға алған ақтөбелік атышулы Балтабек Нұрғалиевтің талғам дегеннен мүлдем жұрдай екенін жұрттың бәрі біледі. Қолында билігі бар әкімді де, ақшасы бар бизнесменді де «ұлы тұлға» дей беретін әдетінен танбайтын оның бұл болмысы өзгермейтінге ұқсайды.

Аталған бағдарлама барысында алдымен:
«Қазақстаным – бақыттылар мекені,
Аян бізге жер жәннаты екені.
Сізді көрсе, нұрды көрсе бір сіздей,
Күллі ғалам ақын болып кетеді», - деген бір шумақ тақпағын екпіндете оқыған одашы, журналисттің «Бүгінгі оқырман кімді оқиды?» деген сұрағына бірден «Мені оқиды» деп жауап берді.

«Бүкіл қазақ мені оқып жүр. Орыстілді болсын, қазақтілді болсын және басқа тілдегі ақындардың ішіндегі, қазақстандық поэзиядағы ең көп оқылатын ақын, ол – менмін. Ешкім басқа ақындарды үйінде тығылып, жастанып, әр әрпімді, әр буынымды санап, мені оқығандай оқымайды. Қазақ поэзиясында нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Мен оған сенімдімін», - деп салды, тілшіге көзінің қиығымен қарап отырып жауап берген Балтабек.

Осы орайда, ол «Абайдың алдына шығып кеткен жоқсыз ба?» деген келесі сұраққа: «Оқылым жағынан Абайдың да алдына шығып кеттім деп есептеймін», - дегенді де еш шімірікпестен айта салды.

Ал бағдарламада оны белгілі ақын Несіпбек Айтұлы: «Ол балаға емделу керек. Қазіргі таңда оның не жазып жүргенін, елге күлкі болып жүргенін бәріміз білеміз. Былай өзінде бірдеңе бар, бірақ, адасқан бала», - деп бір ауыз сөзбен бағалады да қойды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар