$ 494.87  520.65  4.91

«Еш қарсылық танытпаймын»: Дұғалованың қара нәсілді жігітке тұрмысқа шығатын ойы бар ма?

«Қазір Жанар іс-сапармен АҚШ-та жүр. Өз бақытын сол жақтан табатын болса, аса қарсылық білдірмеймін. Бірақ, бастысы мұсылман болса екен дейміз», – дейді Жанардың анасы.

Осыдан біраз уақыт бұрын қара нәсілді жігітпен түскен суретін желіге жүктеген Жанар Дұғалова сынға ұшыраған еді. Көптің ашуын тудырған әншінің әрекетіне қатысты анасы жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz.

Жанар Дұғалова шығармашылығын шет елде шыңдап жүр. Қазақ қызы АҚШ-та ақ келін атанып қалса, таң қалмаңыз. Ал әншінің анасы шетелдік күйеу баласына батасын беруге дайын.

«Қазір Жанар іс-сапармен АҚШ-та жүр. Өз бақытын сол жақтан табатын болса, аса қарсылық білдірмеймін. Бірақ, бастысы мұсылман болса екен дейміз. Жанарды қолдап, әрқашан жанынан табылатын, әңгімелері жарасатын адам болса, еш қарсылық танытпаймын. Мен ешқашан қыздарыма күйеу баланы өзім таңдап бермеймін. Тағдырына кімді нәсіп етеді, сол адаммен жарасым тапса, қуанамын», – дейді Жанардың анасы.

Ал кіші Дұғалова әпкесінің тұрмыс құрғанын асыға күтпейді. Себебі, Жанар оған жолын әлдеқашан беріп қойған. 

«Жанармен әпкелі-сіңліден бөлек, құрбы ретінде де сырласамыз. Маған әрқашан ақыл-кеңестерін айтып, жол нұсқап отырады. Ешқашан менің жолым сенен үлкен деп айтқан емес. Егер өз теңімді кездестірсем, жолын беретінін айтты. Мен де оған әрқашан көмек қолын созуға дайынмын. Қайда болса да бақытты болғанын қалаймын. Америкадан сүйіктісін кездестірсе де, мейлі, ұлты басқа болса да әпкем үшін қуанамын. Бастысы, өнер жолындағы адам болғасын, Жанарды қолдайтын, түсінетін адам болса болды», – дейді Айжан Дұғалова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары