$ 494.87  520.65  4.91

«Қалаулым сен» бағдарламасын көріп отырған келіншек қорыққаннан босанып қойған

Дәулет есімді үміткер өз жұбына ерекше көрініспен сөз салған болатын. ОМОН-дардың қару тақағанынан қорыққан көрерменнің толғағы ұстап, көп ұзамай ауруханада босанады.

«Қалаулым сенді» көріп отырып, толғағы ұстаған келіншек қорыққаннан босанып жіберді, деп жазады Oinet.kz.

Дәулет есімді үміткер өз жұбына ерекше көрініспен сөз салған болатын. ОМОН-дардың қару тақағанынан қорыққан көрерменнің толғағы ұстап, көп ұзамай ауруханада босанады. 

«Жұма күні эфир болғанда үйде жалғыз қалдым. Тамақ дайындап жүргенімде, аяқасты ОМОН-дардың келгенін көріп, қатты шошып қалдым. Қорыққанымнан теледидарды өшіріп, қайта қоссам, Дәулеттің сөз салғанын көріп, жылап жібердім. Кенеттен басым айналып, мазам қаша бастады. Сөйтсем, толғағым ұстап, ауруханаға кеттік. Давлениемен босандым. Балам екі аптаға жетпей, ерте дүние есігін ашты. Жасым 37-де. Ұлымның есімін Дәулет деп қойдық. Қорыққаннан босанып жібердік», - деп күлді Жазира Ұлжаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары