Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының 700 әртісі «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, Абай шығармашылығына арналған челлендж бойынша рекорд жаңғыртты, деп жазады holanews.kz.
Флэшмоб - ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған челлендждер ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткішке жетті.
Бүгін де Қазақстан астанасының филармониясы қаладағы жетекші концерттік және оқу орындарының бірі болып отыр. Онда 11 шығармашылық топ - қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық және эстрадалық вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі жұмыс істейді.
Филармонияның солистері мен музыкалық топтары Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін акапелла орындады. Бас директор Ерлан Дәкенов Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан Қазақстан және Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны Ләйлім Шырақ есімді 9 жасар қыздан қабылдап, Абай өлеңінен оқыған үзіндісін Instagram парақшасында жариялаған болатын. Призидент бұл эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға мен Димаш Құдайбергенге жолдады.