Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіге жүктеген соңғы фотосессиясы үшін халық тарапынан біраз сынға іліккен болатын. Желідегілер әншінің образын тым ашық әрі ерсі деп есептеді. Алайда, ел пікірімен өнер иесі мүлдем келіспейтін болып шықты. Ол осы мәселеге қатысты жауап беріп, орын алған жағдайға күйеуінің көзқарасы қандай екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.
Шоу-бизнес жұлдызы жолдасы аталмыш фотосессиядан ерсі ештене көрмегенімен, өзіне бір талап қойғанын айтты.
"Мен халықтың бұл суреттерді, бұл фотосессияны неге солай қабылдағанын түсінбедім. Өйткені, сол күні тура фотосессия алдында біздің стилисіміз келе алмай қалды. Және сол киімдер менің күнделікті киіп жүрген, өмірде де, түрлі түсірілімдерде де киіп шыққан киімдер. Көбісі "жолдасы қайда қарап отыр?" дейді. Менің жолдасым қарайды да, ерсі ештеңе көрмейді. Өйткені, ол режиссер.
Ол маған жаман көзбен қарамайды. Ең бастысы, жиіркенішті немесе сүйкімсіз болса айтады. "Мынауың артықтау" дейді. Енді клиптерде купальникпен жүргізбейді. "Сүйген жүрек" әнінің бейнебаянында мен купальникпен шыққанымда ешкім ештеңе деген жоқ. Бірде-бір адам. Бірақ, қазір неге олай болып қалғанын түсінбедім" , - деді Сәдуақасова.