$ 494.87  520.65  4.91

«Болған дүние басшылық айналасында болды»: Ерлан Біләл "Абайды қалай ойнап жүр?" дегендерге жауап берді (ВИДЕО)

Ол менің шығармашылығыма қатысты емес. Сондықтан ол жағынан маған заң жүзінде де ешқандай шектеу қойылған жоқ.

Ерлан Біләл әкем театрды басқармас бұрын сахнаның сардары еді. Салмағы ауыр талай рөлді жатсынбай дөңгелетіп әкететін. Алайда 2018 жылдың басында істі болып, өнер иесін тағдыр қатаң сынға алғаны хақ. Заң алдында жауап берді. Бұл жағдай актерге ауыр батқанымен, сағын сындырмаған, деп хабарлайды Shownews.kz.

«Жақсылықтан ешқашан күдерімді үзген адам емеспін. Адамдардың жақсылығы мен ішіндегі мейіріміне сенемін. Тіпті,  қатал адам дегеннің ішінде жұмсақтық жатады. Соны табуға тырысамын, қарым-қатынас байласуға тырысамын. Мұның барлығына кешіріммен қарайсың. Анам «Балам, білмегенді кешпесең, білгенің сенің қайда бар?» деп айтатын. Пенде болған соң қиналасың ғой. Қалай қиналмайсың?» - деді актер. 

Сахна саңлағы мұндай сын сағатта Абайдан, Шәмшіден жанына медеу тапты. 

«Менің актерлік, шығармашылық өміріме ешкім шектеу қоймады. Болған дүние басшылық, директорлық айналасында болды. «Ол қайтіп Абайды ойнап жүр?» деген сияқты әңгімелер де айтылып жатыр. Ол менің шығармашылығыма қатысты емес. Сондықтан ол жағынан маған заң жүзінде де ешқандай шектеу қойылған жоқ. Құдайға шүкір, сол рөлдерімді әлі күнге дейін ойнап жатырмын», - деді Ерлан Біләл. 

Басынан өткен бұл жағдай күллі қазақтың балтырын сыздатқан еді. Сотқа дейін, соттан кейін деп бөлінген өмірінен не түйгенін де жасырмады. 

«Өмір болған соң барлығы болады. Өмір болған соң, теріс қарайтындар да, оң қарайтындар да болады. Қасыңнан табылатындар да, жоқ болып кететіндер де болады. Өмірде сондайдың болатынына көзім жетті. Кешіру керек деп ойладым. Өмір мен адамдарды терең тани түсесің. Қарайсың да, Абай айтпақшы, «қайнайды қаным, ашиды жаным», - дейді ол. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары