$ 443.35  475.54  4.82

Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығына қатысты тың ақпарат тарады (ФОТО)

«Тәуекел Мүслім, бақытты бол. Апаммен бірге тойға барып қайттық», - деп жазды Бауыржан Сатов.

Көп қыздың арманына айналған актер Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты жаңалықты жан досы Бауыжан Сатов Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Тәуекел Мүслім, бақытты бол! Апаммен бірге тойға барып қайттық», - деп жазды Бауыржан Сатов. Тәуекелдің өзі де үйленгенін растағандай, осы жазбаның астына алғысын айтыпты.

Тәуекелдің қалыңдығы да сырға салу сәтінен суреттерді желідегі парақшасына жүктеді. 

«Бақытты бол! Жан-жарың адал болсын. Анаңды сыйласын», «Қосағыңмен қоса ағар! Бақытты болыңдар!», «Талай қыздың арманы болған Тәуекел, бақытты бол!», «Мың қыздың арманы, бір қыздың бағысың ғой» деп жарыса жазысып жатыр желі қолданушылар.

Айта кетейік, жақында Тәуекелдің жеке өмірінде өзгеріс болғанын, мұсылман неке куәлігін алғанын жазған болатынбыз. Бұл суретке қатысты пікірді актердің өзінен сұраған тілшілер нақты жауап ала алмаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары