$ 444.22  476.38  4.82

Тағы бір отандық теленовелла көрермендерге жол тартты

9 қаңтардан бастап «Қазақстан» телеарнасы өз көрермендеріне «Өмірдің өзі новелла» атты жаңа теленовелланы ұсынады. Аталған телехикая лирикалық жанрда түсірілген және сюжеті өмірде болған оқиғалардан алынған.

Картинаның тәрбиелік мәні бар, онда көрермендерге қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің қиын да шытырманға толы өмірлері көрсетіледі. Фильмнің әрбір сериясы әртүрлі оқиғаларға негізделген. Мәселен, бірінде ата-ананы құрметтеу тақырыбы айтылса, екіншісінде достықтың қадірі, тағы бірінде шындық, сатқындық, дәстүрді құрметтеу, туыстық қатынастардың құндылықтары мәселелер көтеріледі.

Киноновелла барлығы 24 сериядан тұрады. Олардың ешбірі бір-бірімен байланысты емес, әрқайсысы өз алдына жеке оқиға.

Ең маңыздысы, телехикаяның ішпысарлық тұсы жоқ, сондай-ақ, өзге сериалдар секілді сюжеттің шешуші сәтін сағыздай созып алмайды дейді жоба авторлары. Көрермендердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары