$ 494.87  520.65  4.91

«Еркектер мықты әйелді ұната бермейді»: Нағима Есқалиеваның ұлы анасының жеке өміріне алаңдаулы

"Әр адамның өзіндік бір құпиясы болуы керек. Мен өмірімнің осы арасын құпия қалдырғым келеді", - деді ол.
Фото: kazamanat.kz
Фото: kazamanat.kz

Халық әншісі Нағима Есқалиева неге көп жылдар бойы ер-азаматсыз жалғыз келеді? Бұл сауалға "Айта берсін" бағдарламасы жауап іздеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Диас Абылаев, Нағима Есқалиеваның ұлы:

"Әрине, анамның жанында бір ер-азаматтың болғанын қалаймын. Бірақ ол мен жақтырмай қоя ма деп қорқақтайтын сияқты. Ал шындығында, ол үшін мен қуанатын едім, яғни анам бақытын тауып, жұп құрып жатса. Бірақ менің анам секілді мінезді әрі мықты әйелге жұп табу қиын сияқты. Өйткені еркектер мықты әйелді ұната бермейді. Дегенмен менің анам жанының түкпірінде өте сезімтал, өте нәзік адам. Үйде не болып, не қойып жатқанын сіздер білмейсіздер, көрмейсіздер ғой...

Телеарнаға берген сұхбатында Нағима Есқалиеваның өзі бұл туралы айтқысы келмейтінін кесіп айтты.

"Әр адамның өзіндік бір құпиясы болуы керек. Мен өмірімнің осы арасын құпия қалдырғым келеді", - деді ол.

Айта кетсек, 60-тан асқан Халық әншісі Нағима Есқалиева бүгіндері ұлын үйлендіріп, тезірек немере сүйгісі келеді. Ол өмірінде екі рет тұрмысқа шыққан, бірақ екеуі де сәтсіз болып, ажырасып кеткен. Бір ұлы бар. Өмірінің басым бөлігі өнерге арналған. Профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында вокал бойынша дәріс береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары