$ 494.87  520.65  4.91

«Кастинг жасап жатырмыз»: Жәния Джуринская қашан және кімге ұзатылмақ?

«Алла қаласа, келесі жылы тұрмыс құратын шығармын», – дейді Джуринская.

Джуринская қазақ киноөндірісіндегі мансабымен қатар, бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отырған табысты бизнесвумендердің қатарында. Десе де, ару әлі күнге тұрмыс құруға асығар емес.Тіпті, танымал вайнерлер, Мейіржан мен Дана әлеуметтік желіде әзілмен астарлап, актрисаға жігіт іздеп әлек.

«Меніңше, отбасылық өмір жайлы әзілдеуге болмайды. Жәнияға жар болар жанды шын іздестірудеміз, шаршадық. Кастинг жасап жатырмыз, үміткерлер келуде. Әзірше, тәуір жігіт жоқ», – дейді Мейіржан Төребаев. 

«Енді Жәнияның өзінің уақыты келеді. Тағдыры бар. Жалпы, ойбай, не істейміз, жігіт жоқ, күйеуге шыға алмай ма дегендей мәселе жоқ. Бәрі жақсы. Қыздар 45-те, 60-та күйеуге шығып жатыр ғой», – дейді Дана Есеева.

Өнердегі достарының бұл желідегі кастингі өз нәтижесін берген сыңайлы. Жәния жақында ғана инстаграм желісінде белгісіз азаматпен  қол ұстасқан суретін жариялап, жұртты қызықтырып қойды. Мән-жайды сұрағанымызда, ару тойдың ауылы алыс еместігін астарлап жеткізген еді.

«Алла қаласа, келесі жылы тұрмыс құратын шығармын», – дейді Джуринская.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары