$ 449.3  489.69  4.89

«Ресейдің екінші жұлдызы»: Димашты АҚШ жұрты қазақша қарсы алды (ВИДЕО)

Димашты Нью-Йорк әуежайынан қарсы алу кезінде түсірілген видеолар Интернетте пайда бола бастады. Көбісін осы оқиғаға куә адамдар салған.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте 10 желтоқсанда концерт беру үшін бүгін АҚШ-қа барды. Оны Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Димашты Нью-Йорк әуежайынан қарсы алу кезінде түсірілген видеолар Интернетте пайда бола бастады. Көбісін осы оқиғаға куә адамдар салған. Ал мына видеоны түсірген адам Димашты мүлде білмейді. Өзі солай деп айтады.

Видеода Димашты қарсы алған жанкүйерлер "Кош келдиниз!" Димаш-Димаш" деп тоқтамай айғайлайды.

"Сұмдық қой, мына адамдар сонда бұл жігіттің фанаттары ма? Жас жігіт шықты, бұл қарсы алып тұрғандар оның желісіне жазушылар ғой сонда. Бұл - мен куә болған, қатты кұрмет көрсетілген Ресейдің екінші жұлдызы. Юлияға мысықтарымызбен келген едік, ал мына арада жас жігіт дүркіретіп жатыр. Өз басым, оның әндерін тыңдап көрмеппін, көру керек екен", - дейді видеоны түсіріп тұрған орыс келіншек.

Айта кетсек, алдында Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлері барады деп хабарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары