Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова "ұлың ән айта алмайды" дегендерге жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлының масқара болуын аңдып жүргендерге Айдарбекова Instagram-парақшасында арнайы жазба қалдырып, бірнеше видеолардың басын біріктіріп дәлелдеуге тырысып дал.
"Жанды дауыста айта алады ма өзі деп, мұқатумен отыратын кісілер, енді қоя салса екен деймін. Бүгін тегін концерт, барыңыздар деп алдыңғы постымды салсам, "жанды дауыста айта алады ма өзі" деп мұқата сұраған екен, жақсылап көріп алсыншы деп салып отырмын. Еш уайымдамаса екен, тағы кім бар еді. Жарайды атын айтпай-ақ қояйын, ішің білсін дей салайын көкелерін.
Сосын Шымкентте ақша төлеп, монтаждап, барлық чаттарға таратуға тапсырыс берген кісіге айтарым: сіз құлатам деп жүргенде Алла сізді басқаша нокаутқа түсірмесін. Сынақтан сынып кетсек, баяғыда шытынап күл-талқан болар едік. Құдайдың көзі тура болсын!
“Қолда бар алтынның қадірі жоқ” демекші, бір-бірімізді бағалайықшы. Кір іздегенше, қолдан келсе, азғантай ғана өазақпыз, ауызбіршілігі бар ел болайық" , - деп жазды Айдарбекова.