$ 494.87  520.65  4.91

«Мен өлмеймін бе?»: әншінің шашы бір-ақ айда қайғыдан ағарып кетті

Ұмытып бара жатқан әндерді айтып жүрген ол, сондай-ақ, әйелдік сырларын, ағынан жарылып айтудың оңай еместігін айтып, анасы туралы да сыр шертті.
фото: sxodim.com/astana
фото: sxodim.com/astana

Әуезді әнді нақышына келтіре орындайтын, дәстүрлі әнші Ардақ Балажанова «Оңай емес» бағдарламасына сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. Ашық диалог барысында әнші үшінші баласын босану кезінде бір өлімнен қалай тірі қалғанын баяндап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Әншінің сөзіне сенсек, оның қуығын дәрігерлер жарып жіберген көрінеді. Тіпті, ота үстелінде таң атқаннан кеш батқанша қиналып жатыпты.

«Дәрігерлер қуығымды кішкене жарып жіберді. Жаңа жылға бес күн қалған. Мен ота үстелінде бес сағат ашық қалдым. Өйткені уролог маманы жоқ екен. Демалысқа кеткен. Отаға таңертең сағат 10:00-да кіргеннен кешкі 05:00-те оянып жатсам, бір-бірімен орысша сөйлесіп жатыр. «Көлік келе жатыр, жақындап қалды. Сағат бес» деп жатыр. Сөйтіп кешкісін бірақ ояндым. Қандай жағдай болғанын білмеймін. Кейіннен маған бәрін түсіндірді. Кім кінәлі десем ешкім мойнына алмайды», – деп өткен күндерін есіне алған әнші, ішкі толқыныстарын ақтарып салды.

 Өнер иесінің сөзінің астарына үңілсек, дәрігерлер оған қуығының жұқарып және түрлі себептер айтқан. Тіпті, осы қиындықтардан әншінің қара шашына ақ түсіпті-міс.

«Дәрігерлерден «Мен аман боламын ба, өлмеймін бе?» енді деп сұрағанымда қауіп жоқ екендігін айтты. Содан кейін «ешкімнен де көрмеймін, аман-есен шығайыншы» деп ауруханадан шыққанша шыдадым. Бірақ, сол уақыттарда адам күйзеліске түсіп кетеді екен. Маңдай шашым бір айдың ішінде ағарып кетті. Әрине қазір күтімнің арқасында ол кетті. Ол кезде жасым 33-34-тің шамасында. Әрине, өзіме келу оңай болған жоқ», – дейді Ардақ Балажанова.

 Ұмытып бара жатқан әндерді айтып жүрген ол, сондай-ақ, әйелдік сырларын, ағынан жарылып айтудың оңай еместігін айтып, анасы туралы да сыр шертті.

Айтпақшы, өмірден де, өнерден де талай шыңдарды еңсерген әнші қазіргі таңда бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Үш баланың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары