$ 445.66  474.58  4.78

«Ондай сұрақ қоймашы»: Тәуелсіздік туралы дым білмейтін жұлдыздар кімдер? (ВИДЕО)

Тәуелсіздік алған уақытты Роза Рымбаева ойланыңқыраса да соңында дөп басып жауап қатты.

Танымал журналист Мұхит Сапарабаев жүргізетін «Oybay Show» бағдарламасында өнер иелеріне Тәуелсіздік туралы сұрақ қойылды. Араларында күнді былай қойғанда егемендік алған жылды білмейтіндер де бар боп шықты.

Тәуелсіздік алған уақытты Роза Рымбаева ойланыңқыраса да соңында дөп басып жауап қатты. Ал Жеңіс Ысқақова мен Меруерт Түсіпбаева секілді бірнеше әншінің мұрнына егемендіктің иісі де бармаған сыңайлы. Тіпті, Ысқақова бұндай сұрақтарды ұнатпайтынын да ашық айтты.

Желі қолданушылары әншілердің бұл қылығын білімсіздікпен байланыстырып, түрлі ауыр сөздер жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары