$ 498.34  519.72  4.85

Танымал актриса өмір бойына сал болып қалуы мүмкін

Актрисаға анасы мен жұбайы Петр Чернышев күтім жасап отыр.

Анастасия Заворотнюк клиника мен оңалту орталығында осымен үш ай ем алып жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, Mash Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Миының сол жақ бөлігінде пайда болған ісіктің салдарынан паталогиясы асқынып кетті. Алдымен оң қолы қозғалмай қалған болатын. Қазір енді денесінің толықтай оң жағы сал болып қалды. Қозғалыссыз күйге келген денесінің бұл бөлігі қайта қалпына келмейді», - деп хабарлады Mash.

«Моя прекрасная няня» телетуындысының бас кейіпкері болған Анастасия Заворотнюк мүгедек арбасымен ғана қозғалады. Актрисаға анасы мен жұбайы Петр Чернышев күтім жасап отыр.

Бұдан бұрын Анастасия Заворотнюктің ауыр сырқатына байланысты миы ісінгенін жазған болатынбыз. Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сырқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталып, соңғы уақытта Еуропада емделген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#актриса