$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев Роза Рымбаеваны марапаттау туралы қаулыға қол қойды (ВИДЕО)

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны марапаттауға қаулы шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап. 

"Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Рымбаева Роза Қуанышқызы - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы - "Жезқазғантүстімет" ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы", - делінген Президенттің қаулысында. 

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары