$ 494.87  520.65  4.91

«Машаллах!..»: Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышын әншілер де «арабша тіл сындырып» құттықтады (ВИДЕО)

Әсіресе, әнші Сәкен Майғазиев: «Ма ша Аллаh! Қыдекеңдей елдің ері болсын», - десе, тағы бір әріптестері Бейбіт Қорған: «Балапан уже нян жігіт МашАллах!» деп жазды.

Эстрада әншілері Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның тұңғыштары Бекболат Болманов 19 жасқа толды. Оны әкесі мен інілерінің құттықтап тұрған видеосын Қарақат Әбілдина Instagram парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір інісінің «Алла абырой-бақытын нәсіп етсін! Жәннатқа баруды нәсіп етсін! Жүз жас өмір сүр!» - деген тілегіне туған күн иесінің көңілі босап, көзіне жас алды. Сол кезде оларды видеоға түсіріп тұрған анасы: «Жаным, жаным! Бека толқып кетті ғой», - деп елжіреді.

Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл отбасының қуанышына ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудыруда. Әсіресе, әнші Сәкен Майғазиев: «Ма ша Аллаh! Қыдекеңдей елдің ері болсын», - десе, тағы бір әріптестері Бейбіт Қорған: «Балапан уже нян жігіт МашАллах!» деп жазды.

Олармен қатар, өзге тіркелушілер де «Маш Аллах мен де жылағым келіп кетті, жүрегі нәзік екен», «Ma sha Allah Barakallah», «МашАлла керемет көрініс, Алла Тағала бәрімізге салиxалы ұрпақтарды нәсіп етсін!» деп, білген арабшаларын қосып қойып әлек.

Сондай-ақ, видеоны көрген қарапайым көпшілік өздерінің де еріксіз жылағандарын жазған еді, оларға кейбірі қарсы шығып, бір-бірімен беталды «бет жыртысып» кетті.

Мысалы, Мәдина Исабаева деген желі қолданушы: «Елжіреп, көзге жас алатындай керемет сөз айтып жатқан жоқ қой тіпті», - десе, aalimkulova214
деген аккаунт иесі де: «Не болды бәріңізге? Көңіл босайтындай ештеңе байқамадым, көріп те тұрған жоқпын», - деп ренжіді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары