Мәскеудің Таган аудандық соты жабылып жатқан ABLV Bank латвиялық банктің әнші Филипп Киркоровқа қатысты арызын қанағаттандырып, әртістің пәтерін бастапқы құны 193 миллион доллардан асатын сомаға саудаға қоюға қаулы қабылдады. Шешім Ресей астанасының ортақ құзыреттігі бар соттардың ресми порталында жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Сот Киркоров пен «Филипп Кирокоров Продакшн» ЖШС-не 779 мың евро болатын (328 млн-нан астам теңге) қарызын, айыппұлы мен несие шарты бойынша пайыз үстемесін төлеуді міндеттеді. Бұған қоса, банк өкілдері жауапкерден 3,3 млн-нан астам евро (1 млрд-тан астам теңге) өндіруді өтінді.
Шешім бойынша, ақша өндіріп алу ісі қоғамдық саудада әншінің несиеге салынған пәтерін сату арқылы жүзеге асады. Оның ішіне тұрмыстық техника – пеш, кофе жасайтын құрылғы мен 4 кондиционері кіреді.
Киркоровтың қорғаушысы Александр Добровинский РЕН ТВ-ге берген сұхбатында әншінің несие бойынша қарызы барын растады.
«Расымен де несиесі болған. Филипп Бедросович екі жыл бұрын банк жабылғанша оны ай сайын өтеп отырды. Ақшаны банк шотына аудару мүмкін емес еді. Себебі, олар басқа үшінші жаққа аударуды сұрады. Бұл - өте қауіпті. Әрине, несиені төлеу ісі тоқтады», - деді заңгер.
Оның сөзінше, енді әртістің өкілдері сот шешімін күтіп отыр. Онда нақты қандай шотқа ақша аудару керектігі анықталатын болады. Дей тұрғанмен, заңгер сұхбатында сот шешімінде Киркоровтың пәтері саудаға қойылатын-қойылмайтыны туралы тіл қатпады.