$ 494.87  520.65  4.91

«Береді деп ойлаймын»: СҚО әкімі көп алдында үй кілтін табыстаған Еслямоваға баспанасын әлі бермеген (ВИДЕО)

Арада бір жарым жылдан артық уақыт өтсе де, шенеуніктің уәде еткен баспанасы Самалға әлі берілмеген.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Самал Еслямоваға уәде еткен үш бөлмелі пәтердің кілтін бермеген. Бұл жөнінде актриса Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

2018 жылдың мамыр айында киноактриса, 71-Канн фестиваліндегі «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы Самал Еслямоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Салтанатты жиынға актрисаның ата-анасы, ұстаздары, туған туыстары мен Петропавл қаласындағы мәдениет орындарының басшылығы шақырылған еді. Арада бір жарым жылдан артық уақыт өтсе де, шенеуніктің уәде еткен баспанасы Самалға әлі берілмеген.

«Құдай бұйырса береді деп ойлаймын. Оның құжаттары болады. Үй салынуы керек»,- деді Самал Ислямова сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары