Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Димаш Құдайбергеновке ақыл айтқыштардың аузына құм құйды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Халықтың біреуге ақыл айтуға келгенде шебер екендігін айта келіп, іске келгенде "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндерді" сынға алған ол, Димаштың беделін ел алдында тағы бір көтеріп қойды.
"Ютубты қарасам, қазақта не көп, ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бүйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді. Саясатта солай екенін білесіздер.
Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. "Жұлдыз болғың келсе сен былай жаса" деп ақыл айтып жатыр. Ол күлкілі емес пе өзі?
Құдайға шүкір, Димашты Қытай, АҚШ, Европа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерін жатқа меңгеріп, сайрап жүр!
Димашқа ақыл айтуды қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл-көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашан да ақ болсын!
.... Әйтпесе, мен Федерерге видео жазып, теннисті қалай ойнау керек екенін түсіндірем", - деп, facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Димаштың әлем сахнасында Қазақстанның атын шығарып жүргенін тілге тиек етті.
Оның бұл жазбасына көпшілік қолдау білдіріп, жақсы ой-пікірлерін жеткізді.