$ 443.85  474.3  4.8

Хабиб Нурмагомедовтің үшінші баласы дүниеге келді

Келесі белдесу 2020 жылдың 19 сәуірінде өтеді, қарсыласы АҚШ-тағы Тони Фергюсон болады.

Жеңіл салмақтағы UFC әлем чемпионы, ресейлік аралас жекпе-жектің спорт шебері Хабиб Нурмагомедов Алматыға сапары қарсаңында ұлды болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - Хабиб пен Патиматтың отбасындағы үшінші бала. Олар Фатима және Магомед атты ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Қыркүйек айында Нурмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды. Келесі белдесу 2020 жылдың 19 сәуірінде өтеді, қарсыласы АҚШ-тағы Тони Фергюсон болады.

24 желтоқсанда Хабиб Алматыда жанкүйерлермен кездеседі, ал 25 желтоқсанда ол аралас жекпе-жектен GFC турнирінің қонағы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары