$ 494.87  520.65  4.91

«Кеудеге ұрып, мақтануға себеп емес»: Димаш әлемге Мәдениет министрлігінің арқасында «танылыпты»

«Мәдениет министрлігі өзінің тікелей міндеттерін орындады (жол жүру, тамақтану және т.с.с. қаржыландырады) және қазір өзінің маңыздылығы туралы айтады. Бұл - өте өрескел», - деп жазды желі қолданушылары.

Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова 365info басылымына «Қазақстандық жас орындаушыларды шетелге шығару» бағдарламасы туралы айтты. Алайда, Димаштың жанкүйерлеріне бұл сұхбат ұнамай қалды.

Шенеуніктің айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық таланттар танымал болу үшін "іш пыстырарлық", "тыныш" жұмыстар атқарады.

«Димаш, мүмкін, ғасырда бір рет пайда болатын талант. Оны уақытында байқадық. Бірақ, кез келген таланттың, тіпті, осындай дарынның да алдында тұру, есту, өзімізді тану міндеті тұр. Біз бұл туралы ұзақ және жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Әрине, бүгінде біз керемет әртісімізбен бірге қуанамыз, бірақ, қайталап айтамын, бұл өзімізді кеудеге ұрып, мақтануға себеп емес», - деді Күміс Сейітова сұхбатында.

Ол Мәдениет министрлігінде Қазақстанның әлемге танымал болуына байланысты бірқатар арнайы жұмыс бағдарламалары бар екенін айтты. Солардың бірі - «Қазақстанның жас орындаушыларын шетелге шығару».

«Жұмыстың ең маңызды кезеңі - қуатты потенциалы бар әншіні анықтау және оған алдымен Қазақстанда гастрольдік сапарларға шығуға, атаққа ие болуға, содан кейін өзін шетелде жариялауға мүмкіндік беру.

Аймақтық әртістер мен музыкалық топтар үшін шетелдік гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған жеке бағдарлама бар. Біздің Димаш, мысалы, Қытайдың концерттік залдарын күтпеген жерден жарып жіберді. Бәрі содан басталды. Оған дейін оны тек Қазақстанда ғана жақсы көретін», - деді Сейітова.

Ол сонымен бірге мемлекет жас дарындарды қолдайды, өйткені, жеке продюсерлер табыс әкелетін талантты әншілермен жұмыс істеуге тырысады деп отыр.

«Біздің қазақстандық шоу-бизнесті жеке продюсерлерге толығымен беру қате болар еді. Бұл біздің мәдениетті толығымен деградацияға алып келетіндігімізді білдіреді. Біз мәдениетті күзететін бөлім ретінде бұған қарсы тұруымыз керек. Нағыз руханият әкелетін нәрсені ілгерілетуіміз керек.

Егер біз мұны жасамасақ, оны жіберіп алсақ, онда Димаш ешқашан пайда болмас еді. Яғни, ол, әрине, болған болар еді. Мүмкін ол өзінің туған қаласында да жақсы өнер көрсетіп жүрер еді», - деді Сейітова, сөзінің соңын түсініксіз етіп. 

Димаштың жанкүйерлері Мәдениет және спорт министрлігінің супер жұлдызды қалыптастыруға қосқан үлесінің маңыздылығына наразы болды. Жанкүйерлердің айтуынша, Димаштың танымалдылығына ең алдымен үлкен талант, үлкен еңбек және ата-анасының қолдауы себеп болған.

«Мәдениет министрлігі өзінің тікелей міндеттерін орындады (жол жүру, тамақтану және т.с.с. қаржыландырады) және қазір өзінің маңыздылығы туралы айтады. Бұл - өте өрескел», - деп жазды желі қолданушылары.

Бірақ, Димаштың халықаралық жарыстарға қатысуы үшін министрлік ақы төледі деп еске алғандар да болды. Димаш сол үшін бірнеше рет Қазақстан билігіне ризашылығын білдірді деседі. 

«Димашты шоу-бизнеске қабылдамады. Олар оны Қытайдан келгеннен кейін ғана қабылдай бастады. Оған мемлекеттен басқа ешкім көмектеспеді. Ол сондықтан мемлекетке алғысын білдірді», - дейді Мәдениет және спорт министрлігін жақтаушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары