$ 446.49  475.38  4.79

Голливуд жұлдызы Камерон Диас 47 жасында босанып, қыз туды

Ол 2015 жылы музыкант Бенджи Мэдденге тұрмысқа шыққан болатын.
фото: pentad.ru
фото: pentad.ru

Голливудтық актриса Камерон Диас 47 жасында қыз босанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялап, сәбидің фотосын жүктемейтінін айтқан.

Актриса хабарламаны отбасының атынан жазды.

«Мэддендердің атынан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Біз сондай бақыттымыз және жаңа онжылдықты қызымыз Реддикс Мэдденды құшақтап қарсы алғанымызға алғыс білдіреміз. Ол жүрегімізді «жаулап алды» және отбасымызды толықтырды» делінген хабарламада.

Айта кетсек, Камерон Диас 2015 жылы музыкант Бенджи Мэдденге тұрмысқа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары