$ 494.87  520.65  4.91

«Әке, бақытты бол!»: әнші Айқынның әкесі, ақын, сатирик Нұртан Төлепберген – 70 жаста

Айта кетсек, Айқын Төлепберген бұған дейін бір сұхбатында әдетте өзінің әнге жазған өлеңдерін әкесіне оқытып алатынын айтқан болатын.

Белгілі сатирик, ақын, журналист Нұртан Төлепберген 70 жасқа толды. Бұқараның біразы біле бермес, бұл мерейтой иесі – әнші Айқын Төлепбергеннің әкесі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айқын әкесін Instagram парақшасында құттықтап, ақ тілегін арнады.

«Бүгін асқар тау әкеміз 70-ке толды. Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сатирик, көптеген кітаптардың авторы. Қазір балаларға арналған кітаптар шығарып жүр. Әке, бақытты бол! Немерелеріңнің ортасында осылай күліп-ойнап жүре бер! Біз сені жақсы көреміз» деп жазды әнші.

Оның жазбасының астына жүзден астам желі қолданушы пікір қалдырып, қаламгерге деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетсек, Айқын Төлепберген бұған дейін бір сұхбатында әдетте өзінің әнге жазған өлеңдерін әкесіне оқытып алатынын айтқан болатын. Әрине, бұл ретте «сатира садағын шірене тартқан» мерейтой иесінің «Пах-пах» сынды дүниелерге көңілжықпастық танытқаны жарамаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары