$ 522.49  547.88  5.06

Әлемге әйгілі актерді жұрт қаңғыбас деп ойлап, оған көшеде тиын-тебен берген

"Адамдар қаңғыбас екен деп ойлап қалмас үшін жиі қырынып жүру керек екен" деп жымиды актер.
Фото: kinovalenok.tv
Фото: kinovalenok.tv

Гарри Поттер рөлін сомдаған актер Даниэль Рэдклиф Нью-Йорктегі көшелердің бірін кезіп жүрген кезінде қызықты жайта тап болыпты. Бірақ, бұл жолы қаңғысбас мүсәпірдің рөлінде жүрген. Оны аянышты қалпында көрген тұрғындар актерге ақша берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер басынан өткен қызықты оқиға жайлы "Грэм Нортон" шоу бағдарламасына қонақ болып келгенде айтты.
 Рэдклиф сүйіктісімен бірге көшеге қыдыруға шыққан. Сол кезде күн суық болғандықтан үстіне бас киім, қалың куртка және жемпір киген. Қасында иті де болған.

Қызы дүкенге кіріп кеткен уақытта ол итін жылындыру үшін тізерлеп отырыпты. Сол кезде оны байқап қалған адамдар аяп ақша ұсынған екен. 

«Суық болды. Сондықтан итімді жылыту мақсатында тізерлеп отырдым. Солай істеп отырғанымда жанымнан өтіп бара жатқан бір адамды көрдім. Жанымнан өткен әлгі жігіт қайтып келіп, маған «Кофе сатып алып іш!» деп бес доллар берді», – дейді актер.

Танымал актер сондай-ақ, осы сәтте сақалы өсіп кеткенін, сол себепті де әлгі жігіт өзін панасыз деп ойлап қалғанын айтты. "Адамдар қаңғыбас екен деп ойлап қалмас үшін жиі қырынып жүру керек екен" деп жымиды актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары