$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы КВН ойыншысы ауыр дертке шалдыққанын бір жыл бұрын білген

Ол алғашқы айдың ең қиын болғанын айтқан. Өйткені күніне бірнеше рет дәрігерге тексерілуге тура келеді.
Фото: Sputnik / Алексей Сухоруков
Фото: Sputnik / Алексей Сухоруков

Ресейлік КВН ойыншысы Тимур Гайдуков өзіне лейкоз диагнозы қойылғаны осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды РИА Новости.

2018 жылдың 31 желтоқсанында "Ведущий Сергей Берлизов" деп аталатын YouTube-каналында да ролик жарияланды.

Гайдуковтың айтуынша, диагнозды естігенде кезде, ең алдымен жақсылықты ойлаған.

"Бәрі жақсы болады, біз қалай да жеңеміз", - деп жазды ол. Өзіне қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдірген.

Ол алғашқы айдың ең қиын болғанын айтқан. Өйткені күніне бірнеше рет дәрігерге тексерілуге тура келеді.

Тимур Гайдуков 2020 жылдың 19 қаңтарында 36 жасында көз жұмды. Ол өзінің "лимфобластозды лейкозға" шалдыққанын 2018 жылдың күзінде білген. Осы уақыт бойы дертпен күрескен. Достары оны емдеуге ақша жинады. Бір апта бұрын оған белгісіз біреу  1 634 000 рубль (9 млн теңгеге жуық) жіберіп, дәрі-дәрмек мәселесін шешкен.

Гайдуков "Город Пятигорск" КВН командасында өнер көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#КВН