2019 жылы 82 жасында шаңырақ көтеріп, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы да қызу талқыға түсті. Көпшілік қауым жас келіншекке үйленген әншінің өзі де жасарып кеткенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz.
Әнші Мадина Сәдуақасова instagram желісіндегі парақшасына халық әртісімен бірге түскен суретін жариялады.
Мадина Сәдуақасова желіде "Нұрғали ағамызбен концертте кездесіп, ол кісінің өзгерген стилін, жаңарған шаш үлгісін, ерекше киімін көріп " Нұрғали аға, жарайсыз" - дегім келеді! Шығармашылықтың адамы осылай өзгеріп тұру керек! Өте жарасымды", - деп жазба қалдырған.
Желі оқырмандары "Жасына қарай болу керек, өнер адамы болса да. Кəрі түйе ойнақтаса жұт болады деген. Жас əйел алса да бұрынғы стилімен жүру керек сияқты", "Мүсін екен деп қалдым", "Ағамыз кинодағы вампирлер сияқты", "Жас әйелі имиджін өзгерткен ғой. Муза пайда болған деген осы", - деген пікірлерді жарыса жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов былтыр өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген болатын.