Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов Сарыөзек ауылына жұмыс істеуге келді. Бүгіннен бастап ол Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кәсіби әншінің жаңа қызметі туралы Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев facebook парақшасында жазды.
«Бүгін Кербұлақ ауданының мәдениет саласында қуанышты күн болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сахна саңлағы Саят Медеуов ауданымызда құрылған «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды.
Саят Қабылұлының өнердегі және өмірдегі жинаған іс-тәжірибесі ауданымыздың өнерпаздарының кәсіби деңгейінің өсуіне зор ықпал тигізеді деген сенімдемін! Саят Қабылұлына іске сәт дегім келеді», - деп сүйіншіледі әкім.