$ 449.3  489.69  4.89

«Демалшы, бауырым»: Бағлан Әбдірайымовтың пікірі жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Шариғат сонда айламен, қулықпен қарапайым халықтың қалтасын қақсын деп пе? Негізі осы әртістер жүргізіп жатқан. Біреуі - кітап дейді, біреуі - машина дейді.
Фото: reactor.inform.kz
Фото: reactor.inform.kz

Соңғы кездері желіде конкурс ұйымдастырып, лоторея ойнатып, халықты өздеріне телміртіп қойған әртістердің әрекетіне заңмен тыйым салу салынғаны жайлы ақпараттар желдей ескен еді. Осы орайда, құмар ойын ойнап, "азарттың арты - азап" екенін ұққан танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың айтқан пікірі көпшілікке жақпай қалған сыңайлы. Себебі, әншінің пікіріне күліп, оны "жерден алып, жерге салып жатқандар бар" деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

"Біздің шариғатымыз не деп айтады? Егер сенің сатқан затың нарықтық бағада болатын болса, оған ұтыс қойылатын болса, бұл ешқандай да дәстүрге де, дінге де қарсы келмейді. Өйткені, оның біріншіден шарттары бар, сатып жатқан затың елге пайдалы болуы керек. Яғни, адамға пайдасы бар зат сата алсаң, ары қарай ынталандыру ретінде ол сенің өзіңнің қалауың", - деген өнер иесінің сөзіне кәсіпкер Ахметбек Нұрсила бір жымиып алды.

 Мәселен, жүргізушінің "Дін туралы айтқанында күліп жібердіңіз ғой" дегенінде Ахметбек Нұрсила: "Бәрін шариғатқа алып келеді да. Шариғатта рұқсат берген, дініміз рұқсат берген. Сол шариғаттың шыққан заманында лоторея ойнатып, құмар ойнатып па екен? Мысықты қалай лақтырсаң да төрт аяғымен түседі ғой. Бұл - әккілік", - деп өзінше тон пішіп үлгерді.

Айтпақшы, әншінің сөзіне құлақ түрген желі қолданушылары "Демалшы бауырым, дінмен жағаласпай әніңді айтып жүре берсей күшеніп дір-дір етпей", "Шариғат сонда айламен, қулықпен қарапайым халықтың қалтасын қақсын деп пе? Негізі осы әртістер жүргізіп жатқан. Біреуі - кітап дейді, біреуі - машина дейді. Осындай лотореяның көзін жойып, қатаң заңға тарту керек. Мына әншілерді фонограммамен айтатын. Бұлда халықтың қалтасын қағып жүргендер. Осыларды да заң жүзінде қарау керек. Сахнада таза Алланың берген дауысы бар нағыз өнер адамдары жүрсе дұрыс болар еді", "Көзі ашық жігіттер, әлі ескіліктің құрсауынан шыға алмай жүрме, жоқ әйтеуір дінді тықпалаумен өздерін ақтаума?", - деп жан-жақтан сыни көзқарастары мен сұрақтарын жаудырды.

Тағы оқыңыз:  «Шетінен «шегірткелер»: Ахметбек Нұрсила инстажұлдыздардың халықты топастандырғаннан басқа пайдасы жоқтығын айтты (ВИДЕО)

Ал Самат Мустафа есімді аккаунтпен тіркелген желі қолданушысы: "Егер де дейді "әншілер лоторея ойнату үшін, шариғаттан өтірік фәтуа айтса дейді, тапқаны арам болады, өздері қуып кетеді" дейді дә! Сондықтан көтере алмайтын жүкті арқаламаған дұрыс деп ойлаймын дә, Бағланжан!", - деп  әзілдеп, әншінің арқасынан қаққан сыңайдағы пікір қалдырды. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары