Әрбір мәселеде өзіндік көзқарасын білдіруден жалықпайтын танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады. Ол жазбасында балаларын сахнаға сүйрелейтін аналарды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
Айтпақшы, әнші осы жазбаны жазар алдында ұзақ уақыт бойы ойтолғатқанға ұқсайды. Себебі ол, желідегі постының алғашқы сөйлемдерін "Осы постты көптен жазайын деп жүр едім" деп бастаған.
"Бір бағдарламада біреуге “Өнерге жабысқан кене" деп едім...(Жестко может быть! Но хирург, когда режет аппендикс, да делает больно, в тот момент, но за то, потом, чтобы мы были живы-здоровы). Дәрігер операция жасағанда, наркоз салады, біз сол уақытта ауырсынамыз, қиналамыз. Бірақ, операция жасағанның арқасында біз тірі қаламыз емес пе?!
Маған, көп ата-ана хабарласады. Әсіресе, аналар! Барлығының бір арманы, баласы Қайрат Нұртас болса екен. Өздерін Гүлзира ханымның орнында елестетеді. Бұзауын ерткен сиырдай, қаптаған аналар, балаларын сахнаға сүйреткен, әйтеуір.
Мен кейде баланы бір тыңдаймын, фактурасына бір көз жүгіртемін. Сосын, ренжісе де "бойы тапал, бездарный", дей саламын. Хирург сияқты, аппендиксты кескен.
Әр ана өз баласын, Димаштай талант деп қабылдайды. әрине! Түсінемін, қайтсін, енді?! Өнерге әркімнің де бар таласы деген Абай! Жай айтып жүре берсін, өз ортасында, той-томалақта, үлкен сахнаға ұмтылмай. Негізі, ер бала бір салмақты-салиқалы іспен айналысқаны жөн-ау!? Ана ретінде айтар ақылым - шет тілін үйренсін, білімді болсын. Сонда отбасын асырай алады! Шошаңдап не керек, селтең-селтең етіп?! Не серьезно! Бір қуанатыным, өз балам танымал болудан қашатын екі кісі болса, соның бірі. Құдайға шүкір!
Соңғы қоңырауда дуэт айтыңыздар деген ұсынысқа бір жыл ойланды. Сосын 4 күн қалғанда Дәуренмен айтайын деп көнді", - деп баласын сахнаға сүйрегіш аналарды бір сынап, жазбасының аяқ жағында ұлын мақтан тұтатынын байқатып қойды.