Әнші Динара Сұлтан бүгін шекесі торсықтай атұстарды дүниеге әкелді. Осы күнге дейін үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған өнер иесі қуанышты хабарын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, shownews.kz-ке сілтеме жасап.
«Адамнан адам шығу оңай емес. Қош келдің, ұлым! Алла Ұлық!» деп жазған әнші.
Жыл басынан бері бірқатар өнер өкілдерінің шаңырағы бір жанға толығып, шілдехана, бесік той жасап жатқанмен, Динара Сұлтанның жөні бөлек. Осылайша, ол қазір отандық шоу-бизнестегі көпбалалы аналардың көшін бастап тұр.
Тағы оқи отырыңыз: «Демалшы, бауырым»: Бағлан Әбдірайымовтың пікірі жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Еске сала кетсек, әнші қалың көпшілікке алғаш рет республикалық «SuperStarkz» байқауы арқылы танылып, кейін Қазақстанның «China Town» қыздар ұжымында ән шырқаған. 2009 жылдан бері Динара Сұлтан атымен жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп келеді.