22.02.2020, 18:00

«Әйелдерді қолдауға дайын еркектер бар»: танымал әнші саяси партия құрмақшы

Фото: pixabay.com
Олар партияның атауын "Мықты әйелдер" деп қоюды жоспарлап қойған.

Ресейлік әнші Валерия (шын аты – Алла Перфилова) 2021 жылы мемлекеттік думаға сайлауға қатысу мақсатын негізге ала отырып, саяси партия құруды жоспарлап жүр. Әншінің жоспары жайлы оның күйеуі Иосиф Пригожин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: argumenti.ru

Валерияның жұбайының айтуынша, олар партияның атауын "Мықты әйелдер" деп қоюды жоспарлап қойған. Пригожинның сөзіне құлақ түрсек, жаңа саяси бірлестік әйелдердің құқығын қорғап, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуді көздейді.

«Елімізді жақсартуға тырысатын әйелдерді қолдауға дайын еркектер бар. Ресейге бұл баланс қажет", - деді продюсер.

Пригожин бұл идеяны «әлі ешбір куратормен талқылағанымыз жоқ» деп сендірді, бірақ, ерлі-зайыптылар бұл туралы ойланады.

 Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеуханның келіні жаңа партия құрмақшы

Естеріңізде болса, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиеваның ХАҚ партиясын құруды жоспарлап жүргені туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.