Америкалық атақты режиссер Квентин Тарантино 56 жасында ұлды болды. Оның 36 жастағы израильдік жары оған шекесі торсықтай ұл сыйлады. Жаңа туған нәресте Тель-Авивтегі "Ихилов" ауруханасында дүние келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesty.co.il басылымына сілтеме жасап.
Фото: zaxvatu.net
Тарантино жұбайымен 2018 жылдың қарашасында ресми түрде некелескен. Бұл неке екеуінің де алғашқы некелесуі.
"Өмірім тамаша. Даниэла үйде, бұл мен үшін керемет. Баламызға қараймыз, жарымның қуанышында шек жоқ. Оған бір қарағанда-ақ өзімді бақытты сезінемін. Күндіз мен кабинетте кітап жазамын, Даниэла түскі ас дайындайды. Бірге тамақ ішеміз. Кейде кабинетке ораламын, біраз жазамын да жұбайымның жанына барамын. Білесіз бе, мен ешқашан болмаған қарапайым өмір сүріп жатырмын. Қарапайым әрі нақты өмір. Мен бақыттымын!", - деген режиссер Израильде әйелінің жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтқан еді.
2009 жылы Тель-Авивке "Бесславные ублюдки" фильмінің әлемдік жарнама турында дүниежүзілік танымал режиссер мен Израиль әншісі арасында сезім пайда болған. Сол сезімнің нәтижесінде, екі шығармашылық жанның сәбилері дүниеге келіп отыр.