Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list тәуелсіз сарапшыларының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазір Димаш аталған рейтингтің инстаграм-аккаунтында 7 мыңға жуық лайк жинап үлгерді.
Айта кетейік, ел атынан бақ сынап жатқандардың ішінде Димаш жалғыз емес. Тіпті, бұл додаға түскен MadMen Q-Pop тобынан Рахат Масақбай - 14,9 мың, Ninety One тобынан Данияр Кулумшин 10,5 мың лайкпен одан әжептәуір ілгері тұр.
Жалпы, TC Candler ойын-сауық платформасы жыл сайын әлемнің 100 ең көрікті ер және әйел адамын таңдайды. Бұл жолы әйелдер арасында елімізден тағы бір Q-pop жанрының орындаушысы Ziruza бар. Оның қазіргі көрсеткіші - 16,6 мың лайк.
Тағы оқи отырыңыз: «Туалетке түс десе, түсесіңдер ме?»: Қуат Хамитовтың басына қара бұлт үйірілді (ФОТО)