$ 494.87  520.65  4.91

Жас қызға үйленгелі көрінбей кеткен Нұрғали Нүсіпжанов жұрт алдына «жасарып» шықты

Мақпал Жүнісованың Instagram парақшасына жариялаған суретті көрген көпшілік, өткен жылы өзінен 45 жас кіші журналиске үйленген эстрада өкілінің жаңа образына қатты таңғалған.

Әнші Мақпал Жүнісова желіде әріптесі Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қос әртістің фотосы бірден желідегілердің қызу талқысына түскен. Алайда, көпшіліктің назары 83 жастағы әншіде болды. Олар «қатты жасарып кеткен» өнер иесін танымай қалған.

Мақпал Жүнісованың Instagram парақшасына жариялаған суретті көрген көпшілік, өткен жылы өзінен 45 жас кіші журналиске үйленген эстрада өкілінің жаңа образына қатты таңғалған.

«Нұрғали ағамызға үйленген жаққан сияқты, жасарып кетіпті» , «Нұрғали аға ерекше талант иесі ғой. Қалай жасарып кеткен?! Шынымды айтсам, танымай қалдым», «Ағаның образы тамаша әрі ерекше», «Нұрғали аға шашын қатырыпты, жасарып кеткен», «Ағамыз күннен-күнге жасарып бара жатыр. Махаббаттың арқасы болар», «Нұрекең жасарып кетіпті, жақсы энергия, тоқ көңіл адамды қартайтпайды» деп бірін-бірі толықтыруда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары