Weibo әлеуметтік желісі арқылы "Dimash.Dears" деген жазуы бар халат киіп алған дәрігерлердің суретіне көзі түскен жас әнші Димаш Құдайберген, Ухань қаласындағы ақ халаттыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ухань қаласында коронавирусқа қарсы күресіп жүрген жанкүйерлерімнің суретін көріп қалдым. Бәрі де жақында артта қалады деп үміттенемін. Сіздерде күтіңіздер!", - деп жазды Димаш ағылшын тілінде Instagram парақшасында.
Әншінің бұл жазбасын оқыған тыңдармандары болса, "Димаш, алтыным, өзіңе сақ болшы, сахнадан түспе, абай бол! Өзіңді сақта! Сізде аман жүріңіз", - деп жазуда.