$ 496  588.01  6.42

Елімізде отандық 100 кинокартинаның 20 пайызын ғана мемлекет қаржыландырады

Киногерлер сөйлескен кәсіпкерлер фильмге арнап қаржы салғылары келгенмен, бізде бұл ретте нарық әлі дамымағандықтан, олар да қорқады екен.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Қазақстанда мемлекет 100 кинокартинаның тек 20-сын ғана қарджыландырады, деді «Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы» ҰАҚ басқармасының төрағасы Гүлнара Сәрсенова. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Бізде қазір қазақстандық кинопрокатқа шығатын 100 кинокартинаның тек 20%-ын ғана мемлекет қаржыландырады. 80%-ы – жеке капитал», - деді Сәрсенова.

Оның айтуынша, олар сөйлесетін кәсіпкерлер қазақстандық киноға қаржы салғылары келеді екен, бірақ, бізде бұл ретте нарық әлі дамымағандықтан, қорқады.

«Сондықтан биыл бірыңғай кинобилет енгізу қажет», - дейді басқарма төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0