Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Латвия астанасы – Ригаға келді. Жанкүйерлер оны жылы шыраймен қарсы алып, "Дайдидау" әнін хормен шырқады.
Инстаграмдағы @dimash_eurasianfanclub паблигінің хабарлауынша, Димаш Латвияға 6 наурыз, жұма күні Балтық жағалауындағы алғашқы жеке концертін беру үшін келген.
Жанкүйерлер әдеттегідей Димашты плакаттармен, гүлмен қарсы алды. Ол терминалдан шыққан бойда жанкүйерлер хормен "Дайдидау" әнін шырқады.
"Дайдидаумен" Димаш Құдайберген "Славян базары" және I am Singer" халықаралық конкурстарында зор табысқа жетті. Бүгінде әнші бұл әнді барлық концертінде орындайды, деп жазды dimashclub.ru.
Рига әуежайында Димашты жүзге жуық адам қарсы алды. Онда латыштар ғана емес, Швеция, Чехия, Польша, Германия, Франция, тіпті Бразилия мен Үндістаннан да келген жанкүйерлер болды.
"Димашты Ригада көріп, ерекше әсерге бөлендік. Біз Франциядан концертке арнайы ұшып келдік. Біз оны өте жақсы көреміз", - деп Хабар 24 Франциядан келген жанкүйердің сөзінен үзінді келтірді.
Тағы біреуі франциялықтар да Димаштың концертін асыға күтіп жүргенін айтты.