$ 447.4  477.55  4.76

Меруерт Түсіпбаева «өтірікшілермен алысып шаршадым» деп желіде бұлқан-талқан болды

"Ешқашан ТВ-дан көрсетпей қойсаңыздар да, енді интервью бермеймін!", - деп жазды ашулы әнші.
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Өзі жайлы қауесеттерге әбден тойған әнші Меруерт Түсіпбаева енді өтірікші журналистерге сұқбат бермеймін деп ашуланып, тас-түйін шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ешқашан ТВ-дан көрсетпей қойсаңыздар да, енді интервью бермеймін!", - деп желіге пост жазған әншінің кейбір тілшілерге, әсіресе, телеарна журналистеріне өкпесі қара қазандай көрінеді.

Мәселен, әнші желіге жариялаған жазбасында "өтірікшілермен алысып шаршағанын" жеткізген.

Тағы оқи отырыңыз: «Тамақ жеп отырмын»: Меруерт Түсіпбаева әріптестерінің желідегі әрекетіне шүйлікті (ВИДЕО)

«Өнерге жабысқан кене»: Меруерт Түсіпбаева «бұзауын ерткен сиырдай» деп аналарды сынады

«Хайп пен пиар жасап жатты»: Түсіпбаева марқұм Жанарға ән арнаған жігіттерден жиіркенетінін айтты (ВИДЕО)

"Ұлттық арнадан хабарласыпты, "Ломбард-24" қатысты сұхбат берсеңіз деп... Лаураның бетпақтығынан әлі өзіме келе алмай отырсам!

Журналистсымақтар, әртістерді бір-бірімен соғыстырғаннан басқа тақырып жоқ па!? Критикуйте правительство, пишите о дефолте, освещайте жизнь гражданских активистов! Делайте, что хотите!! Только держитесь от меня подальше!! Лаура, Анна сияқты өтірікшілермен алысып шаршадым мен!! Қолымда эфир деп, кесіп-пішіп, арсыздықпен рейтинг жасағысы келетіндерден!!! Бррррысьььь! Аулақ!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары