$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейде карантин жоқ»: төтенше жағдайға қарамастан Асхат Тарғын мен Абай Бегей концерт беріп жүр

Әншінің сөзінше, концерттің жоғары деңгейде өткені соншалықты, билеттің бірі де қалмай өтіп кеткен.

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Асхат Тарғын мен Абай Бегей Ресейдің Орынбор қаласында бірігіп концерттерін берді. Екі күнге созылған ән кеші шетелдегі қандастардың көңіл күйін көтерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос әртіс бірігіп Орынбор қаласында "Көрісу мерекесіне" орай екі күн концерттерін берді. Бұл ақпаратты өнер иелері желідегі парақшасында растады. Асхат Тарғын елде орын алып жатқан жағдайға қарамастан концерт берудің себебі болғанын жеткізді.

"Билет сатылып кеткен, осыншама халық күтіп отырғаннан кейін елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға қарамастан келдік. Ресейде карантин ештеңе жоқ екен. Елімізде тыныштық болсын, ауырмаңыздар ағайын!" - деді ол.

Әншінің сөзінше, концерттің жоғары деңгейде өткені соншалықты, билеттің бірі де қалмай өтіп кеткен. Сол үшін Асхат Тарғын Орынбордағы қандастарға алғысын жеткізді. Абай Бегей де Ресей жеріндегі концертінен алған әсерін желідегі парақшасында бөлісуді ұмытпады.

"Сіздерге Орынбордағы қандастарымыздан жалынды сәлем! Жаратушымыз әр түрлі болып жатқан жаман (вирус) аурулардан сақтасын", - деді ол.

Тағы оқи отырыңыз: «Асхат Тарғынды, Сивиді, Абай Бегейді әнші деп қабылдамаймын» - Ақбота Керімбекова (ВИДЕО)

«Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар»: Асхат Тарғын әріптесіне қарымта қайтарды

Абай Бегей мен Асхат Тарғынның концертінде болған тыңдармандар ән кешінің жоғары деңгейде өткенін айтып, оларға алғыстарын білдірді. Одан бөлек, жанкүйерлер орынборлық тұрғындарға көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға да рақметтерін айтты. Концерттен кейін, Асхат Тарғын мен Абай Бегей алаш арысы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйге барып қайтқан. Сондай-ақ, Орынбор қаласындағы тарихи ғимараттармен танысқандарын да жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары