$ 447.4  477.55  4.76

Тоқаев онлайн концерт берген Роза Рымбаеваға алғыс айтты

Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын", делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары