$ 447.4  477.55  4.76

«Біз біргеміз!»: Джеки Чан қазақстандықтарға үндеу жолдады (ВИДЕО)

Ақпанның аяғында Джекидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Сол мезетте уайымдап, "оған тез жазылуына тілекші екенімізді жеткізші" дегендердің қарасы көбейді.

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында видеоүндеу жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Джеки Чанның үндеуін ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram-парақшасына жүктеді.

"Ақпанның аяғында Джекидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Сол мезетте уайымдап, "оған тез жазылуына тілекші екенімізді жеткізші" дегендердің қарасы көбейді. Осы жаңалықты естіп, Джекидің командасына хабарластым. Сол кезде олар жалған ақпарат екенін айтты. Бірақ Джеки қазақстандықтардың алаңдағанына рахмет айтып, бір босаған болатын. 

Жақында Джеки екеуміздің ортақ досымыз менімен байланысқа шығып, қазақстандықтарды қолдау мақсатында Джекидің видео жолдағысы келетінін жеткізді. Бүгін таңертең телефоныма осындай видеоүндеу де келіп түсіпті. Джекимен толықтай келісемін, біз махаббаттың алдында, шын мәнінде, дәрменсізбіз", - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары