$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирусты атайын деп жүр ме?»: Ұлттық ұланның сарбаздары індетке қарсы челленджге атсалысты (ВИДЕО)

Олардың бұл әрекеті қазақстандықтардың жүзіне күлкі үйірсе, кейбірі сынға алып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Теміртау қаласының Ұлттық ұлан сарбаздары "Коронавирус кет, кет, кет!" челленджіне ат салысты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық ұлан сарбаздары коронавирусқа төтеп беру мақсатында видео жариялады. Олар Марат Омаровтың жазған әнін видеоға арқау етіп, шағын бейнеролик түсіріп шыққан. Видеоны @holanews.kz Instagram-дағы ресми парақшасына салған. 

"Қазақстандықтар, бүкіл әлемді жаулап бара жатқан коронавирус індетіне барлығымыз жұмылған жұдырықтай қарсы тұрып, індеттің ары ғарай тарап кетпеуіне жол бермеуге Теміртау қаласының Ұлттық ұлан сарбаздары әрқашанда дайын", - деп бастады сарбаздардың бірі.

Олардың бұл әрекеті қазақстандықтардың жүзіне күлкі үйірсе, кейбірі сынға алып жатыр.

"Коронавирусты атайын деп жүр ме?", "іші пысқандар", "түсірген олар болғанмен, мен ұялып отырмын", "Бастысы шын өмірде дайын болсаңдар болғаны", "Ойын қылды ғой мына топастар", "Бізді қорғаушылар барына рахмет, енді коронавирус та қорқынышты емес", "Ертегідегі қазақтар", "21 ғасыр", "Сайқымазақтар", "Елде дүрбелең болып жатыр, ал бұлар клип түсіріп жүр", "Осындай қиын-қыстау кезеңде позитивті көңіл-күй сыйлайтын видео түсіргендерің үшін рахмет", - деп пікір қалдырды олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары