$ 443.35  475.54  4.82

«Өмірде бәріне дайын болу керек»: Әнуар Нұрпейісов не үшін елге оралды?

Бастысы - құдайға, тағдырға, кеңістікке сену керек болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов көптен бері ел көзіне көрінбей кеткен еді. Бірнеше киноларда роль сомдап, ел алдында жүрген ол шетелге кетіп, өнер әлемінен алыстаған болатын. Нұрпейісов тағдырдың жазуымен отанына оралғанын айтып, жазба жариялады.

"Коронавирус уақытша туризм индустриясын тоқтатып тастады. Мен мұнда логистикалық немесе басқа жағдай туралы айтып отырған жоқпын. Індет Қытайда тараған кезде аса мән бермедім. Бірақ вирус Шри-Ланкаға жетіп, билік 16 наурыздан бастап қонақ үй бизнесіне тыйым салғанда бәрі анық болды. Бірнеше апта бұрын брондалған нөмірлерден бас тартып, менің ауылым Сигирияда тыныштық орнады. Қонақ үйді жауып, команданы уақытша демалысқа жіберуге тура келді. Тағдырдың жазуымен мен Қазақстанға келдім. Алдағы айларда осында жұмыс істеймін. Мен бұрынғыдай өзімнің мега-командамдамын. Жаз айында сіздерді қуантып, табиғат энергиясымен тамсандыратындай жобаны қолға алдық", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Коронавирусқа байланысты елге оралған актер шетелде немен айналысқанын қысқаша баяндады. 

Тағы оқи отырыңыз:

Әнуар Нұрпейісов қазір қайда жүр?

«Мазақ деп білемін»: журналист Шри-Ланкадан сәлем жолдаған Әнуардың бейнеролигіне пікір білдірді (ВИДЕО)

«Әркімнің өз таңдауы бар»: Айсұлу Әзімбаева Әнуардың 4 ай бойы қайда жүргенін мәлімдеді

"Шри-Ланкаға қайта оралайық. 6 ай бұрын мен аралға ұшып кеткенде өзгеше сезімде болдым. Белгісіз жаққа кете бердім. Бастысы - құдайға, тағдырға, кеңістікке сену керек болды. Барлық жағдайда билеу білу керек. Небір тапсырмаларды орындауға тура келді. Мен іздеген мамандардың тізімі: слесарь, даяшы, аспазшы, гид, тазалаушы, мал дәрігері, бассейн тазалаушы және тіпті көлік жүргізушісі. Көзім жеткені: бұл өмірде бәріне дайын болу керек, әсіресе, бақытқа жетуге", - деп жазды Нұрпейісов. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары