$ 446.49  475.38  4.79

Әнуар Нұрпейісов қазір қайда жүр?

Әлішер Елікбаев желідегі парақшасында Әнуар Нұрпейісовтың Шри-Ланкада жүргенін жазды.

Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізуін тоқтатып, хабарсыз кеткен танымал актер Әнуар Нұрпейісов ел тұрғындарын алаңдатқан еді. Көпшілік оны іздеп, жақындарынан қайда жүргенін сұрай бастады. Ал бүгін қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев актердің Шри-Ланкада жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлішер Елікбаев желідегі парақшасында Әнуар Нұрпейісовтың Шри-Ланкада жүргенін жазды. 

«Менің байқампаз оқырманым Шри-Ланкада жұбайымен бірге демалу үшін мейманхана іздеген. Ол қонақ үйлердің бірінен қандай тату ұжымды көріп қалғанына қараңыздаршы. Мен қайта тексеріп көрдім. Шынымен де Booking-те осындай сурет бар.

Әнуарда бәрі дұрыс екеніне қуаныштымын! Әнуардың Шри-Ланкаға аман-есен жетіп, шығармашылықпен, сүйікті ісімен айналысып жүргені үшін қуаныштымын», - деп жазды Елікбаев. 

Еске сала кетсек, маусым айында Әнуар Нұрпейісовтың 5 күн бойы байланысқа шықпағаны айтылып, көпшілік оны іздестіре бастаған еді. Алайда полиция актердің жоғалып кеткені туралы арыз түспегенін мәлімдеді. Артынша Нұрпейсіовтың желідегі парақшасында жазбай пайда болды. Онда актер көпшіліктен өзін іздемеуді сұраған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары