Әлем халқы жер бетін жайлаған коронавируспен әуреге түсіп жатқанда, ол індетті жұқтырушылар мен соның салдарынан көз жұмғандар саны жөнінен алдыңғы орынға шыққан АҚШ-тың Техас штатында кеше бір қолғап 104 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Риа Новостиге сілтеме жасап.
Ол қолғаптың ерекшелігі – әлемге аты мәшһүр әнші Майкл Джексонның өзі киген қолғап болуында. Мәліметке сүйенсек, ол «Сваровски» кристалл тастарымен көмкерілген.
Бұл қымбат әшекейлі қолғабын Майкл Джексон алғашқы концертінде киген. Өзгелерден ерекшеленуді қалаған ол, сол сәтте сахнаға қолғаптың бір сыңарымен ғана шыққан.
Құны нақты 104 286 АҚШ долларына бағаланған қолғапты аукционда сатып алған адам өзін таныстырудан бас тартқан. Оған қолғаптың 1998 жылы Unisef-ке сыйлық ретінде ұсынылғанын айғақтайтын MJJ Productions продюсерлік компаниясының хаты қоса табысталды.