$ 494.87  520.65  4.91

«Бұлар мен үшін қашанда алаяқ, «аферист» болып қала бермек» - Ерлан Төлеутай

Ал мынандай эпидемия жағдайында бұлардың лотереяға өтірік қымбат көлік тігіп, лохотрон ойнатуы - тіптен шектен шыққандық!
фото: qamshy.kz, baigenews.kz
фото: qamshy.kz, baigenews.kz

Ернар Айдардың ұтысқа тіккен көлікті жалға алғаны туралы жаңалықтан хабардар болған белгілі өнертанушы әрі ұлттық өнерді дәріптеуші Ерлан Төлеутай фонограммамен ән айтып, "аузын жыбырлататындарды алаяқ, аферист" деп отыр. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын өнертанушы: "Мен осыларды əнші деп дəріптейтін, осылардың концертіне баратын тобырдың қараңғылығына, ашық ауыздығына таңқаламын. Бұлар мен үшін қашанда алаяқ "фанерщик" болатын, бұдан былай да, əманда аферист болып қала бермек. Ал енді мынау пандемия жағдайында алаяқтық жасағаны тіптен шектен шыққандық!", - деп Ернар Айдар туралы оқыған жаңалығымен бөлісті.

Мұнымен қоймай, лотерея ойнатқан барлық "фанерщик" әншілердің істері құқық қорғау органдары тарапынан әшкерелеуі керек" деп ойындағысын бүкпесіз көпшілікке жеткізді.

"Мінеки жұртым, "фанерщик аферистер" 25 жыл бойы аузын жыбырлатып ауадан ақша жасап келеді. Қазір жұрттың көзі ашылды, халық мұндай алаяқтардың "репертуары" тек "ауыз жыбырлатудан" тұратын "концертіне" бармайтын болды. Сөйтіп "фанерщиктер" үшін соңғы бір-екі жылда "ауа" тарылды. "Ауа" тарылған соң, бұлар қайраңға шығып қалған балықтай жанталасуда. Ал мынандай эпидемия жағдайында бұлардың лотереяға өтірік қымбат көлік тігіп, лохотрон ойнатуы - тіптен шектен шыққандық!

Бұл соңы болмауы керек! Бұған дейін де, бұдан кейін де лотерея ойнатқан "фанерщиктердің" барлығы құқық қорғау органдары тарапынан əшкереленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заң алдында əділ жазасын алуы тиіс", - деді ол желідегі жазбасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары