16.05.2020, 11:50

«Жындануға жарты сағат қалды»: Сәбит Әбдіхалықов көпшілікке табыс тіледі

фото: www.youtube.com
Коронавирус таралуының алдын алуға байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын.

Мұхтар Әуезов атындағы театрдың басшылық қызметінен кеткен актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов жата-жата жалпайып кеткендігін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Коронавирус таралуының алдын алуға байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы орайда, карантинде белгілі актердің карантинде іші әбден пысып, жұмысына асыққан секілді. Мысалы ол, Instagram парақшасында көпшілікке табыс тілеп, төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты жұмысқа шығатынын хабарлады. 

"Мен жұмысты қойып едім, бүкіл ел жұмысты қойып кетті. Жата беріп, жындануға жарты сағат қалды, жалпайып та кеттім. ТЖ аяқталды, ертеңнен бастап жұмысқа шығайын. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызды бастап, табысқа жетулеріңізге тілектеспін!", - деді актер. 

Естеріңізде болса, бұған дейін актердің М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшысы қызметінен не себепті кеткендігі туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.