Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасына өзінің екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!» деп жазды ол.
Бір қызығы, әнші жаңа өмірін Instagram-ын да жаңартудан бастағысы келген сыңайлы. Осы сүйінші сұрап отырған парақшасында кейінгі орамал тағып, ұзын етек көйлек киген, макияжсыз суреттері ғана бар. Бұрынғы сурет, видеоларын түгел өшіріп тастаған. Қазіргі айналдырған 4 суреттің біріне күйеуі екеуі теріс қарап түскен. Оны көрген оқырмандарының бірі «Күйеуіңіз мұсылман болды ғой, соған қарағанда» деген пікір қалдырыпты.
Ал өзгелері бақыт тілеп, тіпті, кейбіреуі «Оразада үйленуге бола ма?», «мамыр айында отбасын құрмайды деуші еді...» дегендей таңданыстарын да білдіртіп жатыр.
Алайда, көпшіліктен сүйінші сұрап отырған Мөлдір Әуелбекова олардың ешқайсысына жауап жазған жоқ. Сондықтан екінші күйеуінің кім екені де белгісіз.